Хәкімдердің кейбірі айтқан: «Төрт нәрсе төрт жерде жасырулы және төрт жерде бой көрсетеді:
- Алланың ризалығы бойсұнушылықта жасырулы және жомарт кісілердің үйінде бой көрсетеді.
- Алланың ашуы қателіктер мен күнәларда жасырулы және сараң адамдардың үйінде бой көрсетеді.
- Тұрмыстың кеңшілігі, молшылық сауапты істерде жасырулы және намаз оқушылардың үйінде бой көрсетеді.
- Тұрмыстың таршылығы - харам істерде жасырулы және намазға немқұрайлылық танытатын үйлерде бой көрсетеді».
Хәкімдердің біріне бір кісі өсиет айтуын сұрайды, сонда хәкім оған былай деп өсиет айтады:
- Раббыңа қиянат жасама.
- Адамдарға қиянат жасама.
- Өзіңе қиянат жасама.
- Раббыңа қиянат жасауың - Раббыңнан өзгеге табынуың.
- Адамдарға қиянат жасауың - оларды өзгелердің алдында жамандауың.
- Өзіңе қиянат жасауың - Алланың парыз еткендеріне немқұрайдылық танытуың1.
1 «Тәнбиһуль Ғофилин».