Әлемдегі ең шапшаң тікұшақ алғаш рет ұшты (видео)
|
Француздар мен немістерге тиесілі Airbus Helicopters компаниясы өзінің Racer жоғары жылдамдықтағы тікұшағы алғаш рет ұшқанын хабарлады. Ол сағатына 400 шақырым жылдамдықпен қозғалуға қабілетті. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Racer сыртынан қарағанда кәдімгі тікұшақ сияқты көрінгенімен оның аэродинамикасы жоғары дыбыстық жылдамдық үшін оңтайландырылған. Кәдімгі тікұшақтарға қарағанда 50% жылдамырақ ұшу кезінде көкке көтерілуін қамтамасыз ететін қорап тәрізді қанаттарға орнатылған екі итергіш қозғалтқышпен алға жылжиды.