Қытай азаматтарын ағза донорлығына мәжбүрлейді деген күмән тудыруда
Қытай азаматтарын ағза донорлығына мәжбүрлейді деген күмән тудыруда
17 күн бұрын 799 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ekkasit A Siam / Shutterstock / Fotodom

Словакиядан сайланған Еуропарламент (ЕП) депутаты Мириам Лексман Қытайды мәжбүрлі ағза донорлығымен айналысуы мүмкін деген күдігін білдірді. Дәлірегі, Еуропарламент депутаты Еурокомиссияға жолдауында әлемдегі ең ірі елдердің бірі ағза саудасымен айналысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «2021 жылы Біріккен ұлттар ұйымының арнайы баяндамашылары мен адам құқықтары жөніндегі сарапшылар тобы Қытайдағы ағза донорын мәжбүрлеп тапсыртады, деген сенімді айыптауларға қатысты Қытай үкіметіне бірлескен хат жариялады. Келесі жылы парламент, сондай-ақ, Қытайдағы мәжбүрлі ағза донорлығына алаңдаушылық білдіретін қарар қабылдады және «мүше мемлекеттердегі тиісті мекемелерді трансплантация, зерттеу және оқыту салаларындағы Қытай мекемелерімен ынтымақтастық шарттарын бағалауға және қайта қарауға шақырды», деп айтылған жолдау хатта. Мириам Лексманн, сондай-ақ, Еуроодақ пен Қытай арасындағы трансплантологтарды оқыту саласындағы New Horizon («Жаңа көкжиек») деп аталатын біріккен бағдарламасы бойынша (осы бағдарлама іске қосылғанда ағза донорығына мәжбүрлеуге қатысы бар деп айыпталған Шусен Шжен есімді қытай трансплатолог хирургы әрі профессор қатысқан еді) ЕО тарапынан қаржы бөлудің ақылға сыймайтынын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат