Зекет ақшасын немереге беруге бола ма?
Зекет ақшасын немереге беруге бола ма?
2 жыл бұрын 2941

Сәлеметсіздер ме! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Апасы өз немересіне зекет беруге бола ма? Айгүл

Сәлеметсіз бе!

Зекет беруші кісі өзінің балаларына, немерелеріне, шөбере-шөпшектеріне зекет бере алмайды.  

Фиқһ кітаптарында былай делінген:

«Зекет беруші өзінің әкесіне, атасына (анасына, әжесіне) және одан жоғарыдағыларға (атасының атасы, әжесінің ата-анасы т.б.) зекет бере алмайды. Сондай-ақ, баласына, баласының баласына және одан төменгілерге (шөбере, шөпшек) зекет бере алмайды. Күйеуі әйеліне, әйелі күйеуіне зекет бере алмайды...»[1].

Мұның себебі: зекеттегі басты мақсат – тәмлик. Яғни, зекетке бөлген дүниесін, өзінің меншігінен шығарып, Құранда айтылған тиісті кісілердің иелігіне түбегейлі беру. Ал балаларына не немерелеріне зекет берген кісі зекетін толықтай өзінің иелігінен шығарған болып есептелмейді. Оларға зекет беру – жанама түрде болса да, өз зекетін өзіне бергенмен тең.

Зекеттен басқа нәпіл садақа беруге не ақшалай көмек көрсетуге, нәпақамен қамтамасыз етуге рұқсат.


[1] Лүбәб – 1/149 бет. 

Абдусамат Қасым