Тарауихтың 20-рәкәғатына бір рет ниет етсе, жете ме?
Тарауихтың 20-рәкәғатына бір рет ниет етсе, жете ме?
2 жыл бұрын 2147

Тарауихтың әр бөліміне ниет қажет пе, әлде 20-сына бір ғана ниет жетеді ме? Ердос Ережеп

Қадірлі Ердос, аталмыш сұраққа Ханафи ғалымдарының бір тобы: "Тарауихтың әр бөлімі өз алдына бөлек намаз боп есептелгендіктен, әрқайсысына ниетті жаңартып отыру шарт" - десе, екінші топ ғалымдар: "Тарауихтың бәрі бір намазға есеп, сондықтан бір тарауих намазына бір ниет жеткілікті", - деген. Осы екі тұжырымды зерделей келе Ханафи ғалымдарының бірі Ибн Ғабидин (1828-1888 ж.) былайша қорытындылайды: "Менің ойымша әуелгі пікір дұрыс. Өйткені, сәлем беру арқылы кісі ниет еткен намазынан шығып отыр, ал келесісін бастауы үшін ниеттенуі керек. Сондықтан, пікірталастан шығу мақсатында айтарымыз: (Негізі екеуі де қате емес. Бірақ), бірінші тұжырымды қабыл ету сақтық жағынан қарағанда абзал саналады".[1]

[1] Ибн Ғабидин - Раддул Мухтар: Салату әт-Тәрәуих. (тәтиммә).

 

Абдусамат Қасым