«Шланг жұту» оразаны бұза ма?
«Шланг жұту» оразаны бұза ма?
9 жыл бұрын 12619

Ассаламуғалейкум!  Асқазанды тексеру үшін ФГДC тексеруінен өту (шланг жұту) оразаны бұзады ма? Шынар.

Уағалейкум әссәләм, Шынар! Жалпы алғанда шланг жұтқаны үшін ораза бұзылмайды. Өйткені, оразаны бұзады деуіміз үшін шланг түбегейлі жұтылған болуы тиіс. Ал, сіздің жағдайда оның бірaз бөлігі жұтылғанымен, қалған бөлігі сыртта қалып қалады. Сондықтан да, оразаны бұзбайды деуге негіз бар.

Дегенмен, шланг арқылы асқазанға бір нәрсе түссе, ораза бұзылады[1]. Осыған орай, шланганы жұтқызбастан бұрын тамақты "жансыздандыру" мақсатында арнайы дәрі шашса не құйса, онысы ішке түсетіндіктен оразаны бұзады. Рамазан айынан кейін қазасы өтелуі шарт. 


[1] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 6/267 бет. Дамаск-Сирия. 2000 ж.

Абдусамат Қасым