Қаза болған оразаны айттан бастап өтеуге бола ма?
Қаза болған оразаны айттан бастап өтеуге бола ма?
10 жыл бұрын 6095

Ханафи мәзһабы бойынша рамазан айынан қалған қарыздарды өтеу уақыты шектелмеген. Тек ораза айтының бірінші күні мен құрбан айттың барлық күндері өтемейді. Олай болған себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бірнеше хадисінде Рамазан айтының бірінші күні ораза ұстаудан тыйғандығы айтылады. Атап айтсақ «Сахих Бухариде» риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Сағид: «Алланың Елшісі ораза айты мен құрбан айтында ораза ұстаудан тыйды ...»,[1] – дейді. Ендеше осы оразадан қалған қарызды айттың екінші күнінен бастап ұстай берсеңіз болады. Айттың бірінші күні қандай да бір ораза ұстау – мәкрүһ, харамға жақын. Оның мәні мынада болса керек: отыз күн Алла разылығы үшін ішіп, жеуден өзін тыйған кісінің айт күні қуанышқа бөленетін күні. Отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған.

[1] Бухари – 1890. Саум.

Абдусамат Қасым