...Әкем алдыңғы жылы бақилық болған, ол кісінің атынан да қарыз күндерін, Рамазан айына дейін ұстайын деген ниетім бар. Кеңес беріп жіберсеңіз қанша уакыт ұстауға болады және әкемнің атынан қаншалықты ұстай аламын? (Сауал ықшамдал алынды).
Қайтыс болған әкемнің қаза оразаларын қалай өтесем болады?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Құрметті сауал жолдаушы, мархұм әкеңіздің қазаларын ұстай алмайсыз, бірақ әр қаза оразасы үшін пидия садақасын берсеңіз болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде: «Ешкім ешкімнің орнына намаз оқымайды. Ешкім ешкімнің орнына ораза ұстамайды. Алайда, әр күні үшін оның атынан (міскінге) бір мүдд (шамамен 1 кг) бидай жегізсін» - деген болатын[1]. Басқа бір риуаятта «атынан бір міскінді тамақтандырсын» делінеді. Ендеше, қайтыс болған әкеңіздің ұстамаған немесе қаза болып қалған оразаларын шамалап есептеп, қаза оразаның әр күні үшін пітір садақаның көлеміндей садақа беріп тұрсаңыз болады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
[1] Нәсәи: Сүнәнуль Кубра.
Көп оқылғандар
■
Қабір басына ағаш егуге бола ма?
■
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
■
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
■
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
■
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)