Ораза ұстап жүріп «истимнә» жасаса, кәффәрат өтей ме, қаза ма?
Ораза ұстап жүріп «истимнә» жасаса, кәффәрат өтей ме, қаза ма?
6 ай бұрын 2548

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Сізге бір сұрақ. Егер, ер адам ораза екенін біліп, қолымен ұрықты сыртқа шығарса, қаза бола ма, кәффәрат бола ма?   

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Өз-өзін қанағаттандыру арқылы ағзасынан ұрық шығаруды фиқһ тілінде «истимнә» дейді. Аталмыш әрекетті Ислам ғалымдары құп көрмеген, тек зинаға түсіп қою қауіпі туындаған жағдайда, зинаның алдын алу үшін, рұқсат делінеді.

Ал, оразаға қатысты үкімін айтар болсақ, ол әрекетті күндіз, яғни аузы берік кезде жасаған кісі Рамазан айынан кейін бір күн қазасын өтеуі керек, кәффарат қажет емес[1]. БІрақ, сол күнді соңына дейін аузы берік күйінше өткізеді. 


[1] Өйткені, кәффарат қажет деуіміз үшін ораза бұзатын жағдай «маънән», әрі «суратән» жүзеге асқан болуы керек. Яғни, рақаттық сезуімен бірге, шынайы тұрғыда жыныстық қатынасқа түскен болуы керек. Бұл мәселеде тек «маънән» жүзеге асып отыр. Сол себепті, қаза керек дейміз.

 

Абдусамат Қасым