Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
Ораза кезінде абайсызда су жұтып қойған адам не істейді?
3 жыл бұрын 1066

Ханафи мәзһабы бойынша, Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек[1]. «Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса, таң атпады екен деп сәресін жеуді тоқтатпаса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...»,[2] – дейді.

Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу)  екі ай кәффарат оразасын ұстайды.

[1] Әл-Касани, Бадаиғ – 2/627-бет.
[2] Әл-Асқалани, Фатхуль Бари Шарху Сахихиль Бухари, 1792-хадис түсіндірмесі. 

Абдусамат Қасым