Клизма жасау оразаны бұза ма?
Клизма жасау оразаны бұза ма?
3 жыл бұрын 2996

Клизма – тік ішекке яки тоқ ішекке су немесе сұйық дәрілерді артқы қуыс арқылы жіберу. Асқазан аш ішек арқылы тоқ ішекпен байланысқандықтан, Ханафи және басқа үш мәзхабтың да ғалымдары артқы қуыс арқылы жіберілген дәрі оразаны бұзады деп есептеген. Мұндай жолмен оразасы бұзылған адам сол күннің ғана қазасын өтейді. Бұған кәффәрат қазасы керек емес[1]. Сондықтан да, клизма жасатқан адам оразасының қазасын өтеуі керек.

[1] Хидая, Китабус саум – 1/317 бет. 

Абдусамат Қасым