«Бәрібір бұзылды ғой» деп аузымды аштым. Кәфәрат өтеймін бе?
«Бәрібір бұзылды ғой» деп аузымды аштым. Кәфәрат өтеймін бе?
2 жыл бұрын 3866

Сәлеметсіздер ме! Мен алғаш рет ауыз бекітуім. Және үйде жалғыз  мен ғана ораза ұстаймын. Кеше ұмытып су ішіп қойыппын. Су ішіп қойғандығымнан: «Бәрібір бұзылды ғой», - деп аузымды ашып жібердім. Кешке сұрастырсам ұмытып ішкен жағдайда, оразаны жалғастыруға болады екен. Аллам өзі кешірсін. Оразаның соңынан қазасын өтеймін бе, әлде оған қосып кәфәрат қазасын да өтеуім керек пе? Ақбота Кенжебекова.

Уағалейкумсалам!
Қадірменді Ақбота, ораза екенін ұмытып ішіп-жеген кісінің оразасы бұзылмайтыны рас. Бірақ ораза екені ойына түскен мезетте, онысынан тыйылып, оразасын ары қарай жалғастыруы тиіс.

Оны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тілімен айтар болсақ: «Кімде-кім, ауыз берік екендігін ұмытып жеп-ішкен болса, оразасын жалғастырсын. Шындығында оны Алланың өзі ішкізіп-жегізіп отыр»[1], - делінген хадисте.

Алайда  «бәрібір бұзылды ғой» деп бұзған оразаңыздың Рамазан айынан кейін (айттан соң), бір күнгі қазасын ғана өтейсіз. Әлгі қателік білместіктен туындағандықтан,  60 күн үзбей өтелетін кәфәрат қазасы  қажет емес[2].

[1] Бухар мен Муслимнің хадистер жинағында.
[2] Бадаиғ – 2/622 бет.

Абдусамат Қасым