Намазда сүрелерді тіл мен ерінді қимылдатпай ойша оқыса, намаз дұрыс бола ма?
Намазда сүрелерді тіл мен ерінді қимылдатпай ойша оқыса, намаз дұрыс бола ма?
7 жыл бұрын 10584

Намазды ерінді жыбырлатпай іштей оқыса, намаз дұрыс бола ма? Азат Бұхаралиев

Намазда сүрелерді дауыстап оқудың мөлшері - өзге адам еститіндей (кем дегенде бірінші саптағылар еститіндей) болуы керек. Ал, іштей оқудың мөлшері – өзі еститіндей болуы тиіс делінген кітаптарда. Сондықтан да, намазды іштей оқитын кісі намаз сүрелері мен дұғаларын өзі ести алатындай сыбырлап, тіл мен ерінді қимылдату арқылы әріптерді орын-орнымен шығарып оқиды. Тіл мен ерінді қимылдатпастан ойша оқу – оқыған боп саналмайды. Ол - пікірлеумен тең. Пікірлеу – оқу емес. 

Абдусамат Қасым