Мәйіттің тырнақтары мен түктері алына ма?
Мәйіттің тырнақтары мен түктері алына ма?
3 жыл бұрын 12065

Ассаләмуғалейкум! Мәйітті жуатын кезде мәйіттің тырнақтары мен ұятты жеріндегі және қолтықтағы түгтері алына ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабында мәйіттің тырнақтары да, ұятты жеріндегі түктері де, сондай-ақ, қолтық түктері де алынбайды.

Бұған байланысты Имам Тахауи (рахимаһуллаһ) былай деген:

«Біздің жолдастар (Ханафи мәзхабы ғалымдары): «Мәйіттің түгі де, тырнақтары да алынбайды» деп айтқан. Имам Мәліктің пікірі де осыған саяды» - дейді ғалым[1].

Хадисші ғалым Суфянус Саури (р.а.) бұған қатысты: «Осы жайында Хаммадқа айтқанымда ол: «Егер, мысалы, сүндетсіз болса, сүндетке отырғызылу керек пе?!» деді» - дейді[2].


[1] Имам Тахауи: «Мұхтәсар».
[2] Әузағи сынды кейбір Ислам ғалымдары «мәйіттің тырнағы ғана алынып, алынған тырнақ мәйіт жататын қабіріне емес, басқа жерге көміледі» деп тұжырым білдірген. Шәфиғи мәзхабы ғалымдарының бір тобы «мәйіттің түгі мен тырнағы алынады деп тұжырымдаса, басқа бір тобы алынбайды» деген. (Имам  Тахауи: «Ихтиләфуль Ъуләмә». 1/179 бет).

Абдусамат Қасым