Осы жұма намазын Алла разылығы үшін оқыған адамның барлық күнəсі кешіріледі деген рас па? Ясин
|
Жұма намазын оқыған адамның барлық күнәсі кешіріледі деген сөз рас па?
|
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде:
«Жұма намазы келесі жұма арасындағы күнәларды жуып-шаяды...» деп сүйіншілеген. Яғни, екі жұма арасында орын алған күнәлардың барлығы кешіріледі.
Бірақ, бұл хадистегі «күнәлардан» мақсат – кіші күнәлар. Себебі хадистің соңында «егер үлкен күнәлардан сақтанған болса» делінген. («Сахих Мүслім»). Ал, зина, өсім жеу, ғайбат айту сияқты үлкен күнәлардің кешірілуі үшін іштей өкініш білдіріп, келесіде қайталамау шартымен тәубе етуі қажет.
Өзекті сұрақтар
■
Үйде Құран кітабы бар, бірақ оқи алмаймын. Оны мешітке өткізсем бе екен?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
КІМДЕРДІҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ?
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?