Үйде мәсіге мәсих тартып жүріп, сапарға шығып кетсем, мәсінің уақыты үш күн бола ма, бір күн бола ма?
Үйде мәсіге мәсих тартып жүріп, сапарға шығып кетсем, мәсінің уақыты үш күн бола ма, бір күн бола ма?
8 жыл бұрын 4654

Әссәләмуғалейкум! Тағы сұрайын дегенім: үйде мәсіге мәсих тартып жүріп, сапарға шығып кетсем қалай болады? Үш тәулік тартып жүрем бе, әлде, үйдегі бір күн есептеле ме? Жандос Құдайбергенов

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жолаушы емес әлдекім мәсіге мәсих тартып, бір тәулік өтпей сапарға шығып кетсе, киген мәсісінің уақыты бір тәулік емес, үш тәулік болады[1]. Сахих хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жолаушы кісі мәсіге үш күн, үш түн мәсих тартады»[2], - деген.

Еске сала кетелік: Мәсінің уақыты - дәрет алып кигеннен кейін, сол дәреттің бұзылған сәтінен басталады. Мысалы, таң намаздағы дәретте аяқ жуып, мәсі киген кісінің осы дәреті күн шыққаннан кейін бұзылған болса, мәсінің уақыты сол сәттен басталады, таң намазындағы дәреттен емес. 


[1] Әш-Шүрунбуләли: Нуруль Изах
[2] Сахих Мүслім – №276 хадис.

Абдусамат Қасым