Ойша талақ айту талаққа жата ма?
Ойша талақ айту талаққа жата ма?
2 жыл бұрын 2058

Әссәләмуғалейкум! «Талақ» деген сөзді ойша айтса, ол талақ болып саналады ма? Ауызбен айтпадым. 

Уағалейкум әссәләм! Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмметім көкейінде туындаған нәрселерін іс жүзіне асырмаса немесе ауызбен айтпаса, іштегіні Алла кешіреді». Осы хадистің жалғасында табиғин Қатада (р.а.): «Іштей айтқан талағы - талақ емес», - деген. (Сахих Бухари, №4968 хадис.)Аталмыш дәлелдерге қарағанда, "талақ" сөзін тілімен емес, ойша айту - талақ болып есептелмейді. Аллаһу аъләм! 

Абдусамат Қасым