Пайғамбарымыздың өгей қыздары болған ба?
Пайғамбарымыздың өгей қыздары болған ба?
1 жыл бұрын 3304

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өгей қыздары болды ма? Өгей қыздары болса, бірге тұрған ба? Зере

Сәлеметсіз бе! 

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзінің жеті баласы болды. Алтауы – Хадиша анамыздан. Жетінші баласы – Ибраһим Мария есімді зайыбынан.

Бұлардан бөлек, бес өгей балалары болды. Төртеуі  Үмму Сәләманың (р.анһа) балалары. Күйеуі Әбу Сәләма Ухуд соғында жараланып, шейіт болғаннан кейін, Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны төрт баласымен әйелдікке алады. Балаларының есімдері: Сәләмә, Дурра, Омар және Зәйнаб.

Ал, бесінші өгей қызының есімі Хабиба. Үмму Хабибаның қызы. Умму Хабибаның күйеуі Убайдулла қайтыс болғаннан кейін, Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны кішкене қызымен өз қамқорына алған екен.

Алла елшісі өгей балаларына өз балаларындай жақсы қараған. Ешқайсысын алаламай, әкелік мейрімін аямады. Олармен орны келгенде ойнап, қалжындасып, көңілдерін аулаға тырысатын болған екен. Бірде Үмму Сәләмәнің үйінде болғанда, кішкене қызы Зәйнаптың жабырқау жүзін көріп, бетіне ойнап су шашқан екен. Осылайша оның көңілің көтеріпті. Тарихшылардың айтысына қарағанда, Зәйнаптың қартайған шағында да жүзіне әжім түспей, бетінің жас кезіндегі әсемдігін жоғалтпапты. Оның бірден-бір себебі, кішкене күніндегі Пайғамбарымыздың бетіне шашқан суы деседі.

Бұлардан басқа Пайғамбарымыздың қамқорында үш жетім қыз тағы бар етін. Бұлар ансардан болған сахаба Әсъад бин Зурараның қыздары еді. Әсъад қайтыс болар алдын «Кәбшә», «Хабиба» және «Фурайя» есімді қыздарын Алла елшісіне аманаттайды. Алла елшісі оларды жұбайлары Айша мен Сәуда анамыздың қарамағына орналастырып, өз тәрбиесіне алып өсіреді. Өскеннен кейін ұзатып, тұрмысқа береді. Үш қыздың бірі Хабиба босанғанда, Пайғамбарымыз баласының атын Әсъад деп қояды. 

Аллаһуммә салли аля сәидинә Мұхаммадин уә аля әли сәидинә Мұхаммад!

Абдусамат Қасым