Баламның атын "Даниял" деп қойсам бола ма?
Баламның атын "Даниял" деп қойсам бола ма?
1 ай бұрын 3082

Ассалаумағалейкум! Сіздерге сұрағым бар еді. Балама есім қойғым келеді. Даниял деген пайғамбар болған ба? Бұл есім мұсылмандар үшін қандай мағына береді? Баламды осылай атасам бола ма? Ұлан.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Даниял» - шамамен біздің заманымызға дейінгі 4-5 ғасырларда өмір сүрген бір пайғамбардың аты. Христиан дінінде «Даниил пайғамбар» деген атпен танымал.

Даниял пайғамбардың Сүлеймен пайғамбардың ұрпағынан болғандығы айтылады. Даниял ғалейһиссәләм – Расул емес, «Нәби» еді. Яғни, тәңірлік кітап немесе парақ түсірілмеген, бірақ өзінен алдыңғы пайғамбардың алып келген «иләһи заңын» халық арасына уағыздап, алдынғы расулдың ізін жалғастырушы нәбилер қатарынан еді.

Ендеше, балаңыздың атын «Даниял» деп қоюдың ағаттығы жоқ. Өйткені, бұл тарихта өткен Алланың сүйікті құлдарының бірі Даниял пайғамбардың есімі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) өзінің бір сөзінде:

تسمَّوا بأسماءِ الأنبياءِ

 «Есімдеріңді Пайғамбарлардың есімдерімен қойыңдар», - деп кеңес етеді[1].

Даниял есімінің мағынасы 

«Даниял» сөзі – ескі ибрани тіліне жатады. «Дәни» және «Иил» сөзінен тұрады, яғни, «Қазы» және «Құдай» деген екі сөздің қосындысынан пайда болған. Сонда "Даниял" есімінің мағынасы: «Құдайдың үкімі», «Алланың қазылығы», «Құдайдың соты» деген мағыналарға саяды деуге болады[2]. 


[1] Әбу Дәуід: «Сүнән».
[2] www.almaany.com/ دانيال

 

Абдусамат Қасым