Ханафи мәзхабы бойынша, мәһрдің көлемі қанша болады?
Ханафи мәзхабы бойынша, мәһрдің көлемі қанша болады?
1 жыл бұрын 3205

Ассалямуалейкум уа рахматуллах! Ханафи мазхабында махр қанша болады? Некені үйде қиса бола ма? Айдос.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабында мәһрдің көлемі ең аз - он дирхам күміс ақша болуы тиіс. Бір дирхамның мөлшері - 14 (он төрт) карат. Шамамен 3 (үш) грамм[1]. Сонда, он дирхамыңыз 30-35 грамм күміс болмақ. Егер, он дирхамнан аз ақша сұраған болса, он дирхамға толтырып берілуі тиіс. Мысалы, мәһр ретінде арзан жүзік сұраған болса, және оның құны бес дирхамға татин болса, жігіті сұраған жүзігімен қоса, бес дирхамның құнын қосып беруі керек[2].

Ал мәһрдің ең көбінің шегі жоқ. Қыздың еркіне қалған дүние. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөзінің бірінде: «Әйелдердің ең хайырлысы – мәһрі ең жеңіл болғаны», - деген. Сондықтан да, қыз баласы «пәтер», «автокөлік» деп мәһрін шарықтатпағаны дұрыс. Әсіресе, «қалың мал беру» дәстүрі кең етек алған біздің қоғамда барынша жеңілдік танытқаны абзал.

Екінші сауалыңызға келсек, некені үйде қиса болады. Мысалы, ауылды жерлерде беташар күні ауыл молдасын шақырып, екі жастың некесін қиып жатады. Қалалы жерлерде мешітке барып қидыру әдетке айналған.


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мұхтар. 4/232 бет.
[2] Имам Құдури: әл-Китаб.

Абдусамат Қасым