Whatsapp желісі арқылы амандасқан адамның сәлеміне жауап беру уәжіп пе?
Whatsapp желісі арқылы амандасқан адамның сәлеміне жауап беру уәжіп пе?
8 жыл бұрын 20851

1.Сұрақ. «Әссәләмуғалейкум» деп амандасқан адамға жауап қайтару уәжіп пе, парыз ба? Әр жерде әр түрлі үкім айтылады. Біздің Ханафи мәзхабы бойынша, негізге алынатын үкім қандай? 

Қазір технология заманы. Электронды поштамен немесе whatsapp секілді интернет желісі арқылы бір-бірімізбен хат-хабар алысамыз. Интернет желілері арқылы жолданған амандасуға жауап қайтарудың үкімі, сөзбен айтылғандағыдай ма (уәжіп пе)?  Шынар.

2.Сұрақ. Тікелей чат арқылы біреуге «әссәләмуғалейкум» десең, кейбір кісілер «уағ.ас.» деп қысқа қайырып жатады. Осы дұрыс па?

 «Әссәләмуғалейкум» деп амандасқан адамға жауап қайтару уәжіп пе, парыз ба?  Әр жерде әр түрлі үкім айтылады. Біздің Ханафи мәзхабы бойынша негізге алынатын үкім қандай? 

– Амандасқан адамға жауап беру жалғыз адам үшін  уәжіп, ал, көпшілік үшін – парыз кифая, яғни, берілген сәлемге жамағат ішінен бір адам жауап айтса, қалғандарынан міндет түседі.

– Қазір технология заманы. Электронды поштамен немесе whatsapp секілді интернет желісі арқылы бір-бірімізбен хат-хабар алысамыз. Интернет желілері арқылы жолданған амандасуға жауап қайтарудың үкімі, сөзбен айтылғандағыдай ма (уәжіп пе)?  

– Whatsapp арқылы болсын, электронды пошта арқылы болсын дәл сізге айтылған «сәлемге» жазбаша түрде немесе ауызша түрде (естімесе де) жауап қайыру - уәжіп.   

– Тікелей чат арқылы біреуге «әссәләмуғалейкум» десең, кейбір кісілер «уағ.ас.» деп қысқа қайырып жатады. Осы дұрыс па?

– Берілген сәлемге толықтай жауап беру ләзім. «Уағ.ас.» деп қысқа қайыра салу дұрыс емес. Өйткені Құран Кәрімде: «Біреу сендерге сәлем берсе, оған онан әрмен жақсы сәлеммен жауап қатыңдар немесе өзінің айтқанын қайта айтыңдар. Алла Тағала барлық нәрсені есепке алып отырады», - делінген[1].


[1] Ниса сүресі, 86 аят.

Абдусамат Қасым