Суырдың еті харам ба?
Суырдың еті харам ба?
2 жыл бұрын 2888

Ассәләмуғалейкум! Суырдың еті харам ба? Харам болса, оның Құран немесе Хадисте қандай дәлелдері бар?  Жанарбек Мағзамұлы

Суырды жеуге бола ма, әлде болмай ма?  Артур ибн Жеңіс

Уағалейкумсалам!  Ертеректе Ханафи ғалымдары тиін етін жеу харам деген. Суыр - тиін тұқымдас хайуан. Сондықтан оның да етін адал емес деуге негіз бар.  

Мұнымен қатар шариғатымыз таза азықпен азықтануды бұйырады. Жаман, жиіркенішті нәрселерді жеуден тыяды:  

 يُحِلُّ لَهُمُ الطَّيِّبَاتِ وَيُحَرِّمُ عَلَيْهِمُ الْخَبَائِثَ

«(Пайғамбар) Сендерге таза нәрселерді халал етіп, жаман (жиіркенішті)  нәрселерді арам қылды»[1].

 يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ  

«Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден тек таза болғанын жеңдер!»[2]

[1] Ибн Ғабидин: әл-Һәдияту - 193 бет.
[2] Ағраф – 157 аят.
[3] Бақара - 172 аят. 
Борсықтың еті жайында білгіңіз келсе, мына сілтемеге кіріп оқысаңыз болады: http://islam.kz/kk/questions/arturli/borsyq-eti-adal-ma-198/ 

Абдусамат Қасым