Қонақ үйдегі өзгелердің қалып кеткен заттарын қолдануға бола ма?
Қонақ үйдегі өзгелердің қалып кеткен заттарын қолдануға бола ма?
9 жыл бұрын 3546

Менің бір құрбым қонақ үйде қызмет жасайды. Кейде ол жаққа келген қонақтардың әр түрлі заттары қалып кетіп жатады. Солардың барлығын бөлме жинаушылар құрбыма әкеліп береді екен. Осыған қатысты оны бір сұрақ мазалап жүр: Сол қалған  заттарды қолдануына болады ма? Бұған шариғат не дейді? Иесі жоқ, ұмыт қалып кеткен заттарды қолдануға болады ма?

Шынар.

Құрметті Шынар, сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) қоштасу қажылығында айтқан насихаттарының арасында: «Ешкімге бауырының дүниесі адал емес, бірақ бауыры өз ризалығымен беріп жатса, онысы басқа...»[1] - деп бұйрып кеткен. 

Тағы бір хадисінде Алла елшісі: «Өз ризалығымен бергені болмаса, мұсылман кісінің мал-мүлкі (өзгеге) адал емес»[2], - дейді.

Сондықтан да, өзгелердің қалып кеткен заттарын қолданғаннан көрі қонақ үйдің «жоғалғанды сақтау» бөлімшесі болса, соған тапсырғаны Пайғамбарымыздың үйреткен тәлімімен әлдеқайда үйлесімді болмақ[3]. Ең дұрысы - Аллаға мәлім.


[1] Байхақи, әс-Сүнәнул Кубра - №10650 хадис.
[2] Байхақи, әс-Сүнәнунл Кубра - №11325 хадис. Сахих. Сахаба Ханифа ар-Рақаши риуаят еткен (р.а.).
[3] Жалпы тауып алған зат жайында қосымша мәлімет алғыңыз келсе, мына сілтемеге кірсеңіз болады: http://islam.kz/kk/questions/arturli/kosheden-tauyp-algan-aqshany-ne-isteu-kerek-78/#gsc.tab=0    

Абдусамат Қасым