Итбалықтың майы адал ма?
Итбалықтың майы адал ма?
7 жыл бұрын 9701

Әссәләмуғалейкум! Итбалықтың майы адал ма? Нұрлыбек Сабырғалиев

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Итбалықтар (тюлень) - су жануарлары қатарынан саналады. Тіршілігінің көпшілігін суда өткізетін олар, төлдеу үшін, шағылысу үшін немесе тынығу үшін міндетті түрде құрлыққа шығады.  

Оның үкіміне келер болсақ, Ханафи мәзхабында су жануарлары ішінен тек балық тәріздестері ғана адал. Одан өзгелері жеуге жарамсыз. Сол себепті итбалықтың еті де, майы да біздің мәзхабта адал емес. Тек мәжбүр жағдайда, тығырыққа тірелген жанға рұқсат[1].  


[1] Мәлики мәзхабы мен Шафиғи мәзхабының су хайуандарына қатысты реттеген қағидаттарына сәйкестендірсек, аталмыш су жануарының еті де, майы да адал дейді дін мамандары.  

Абдусамат Қасым