Алтын жалатылған сағатты тағуға бола ма?
Алтын жалатылған сағатты тағуға бола ма?
3 жыл бұрын 1053

Ассалаумағалекум! Пайғамбарымыз (с.а.у) ер кісілерге алтын қолдануды харам етті. Ал алтын жалатылған бұйымдарды қолдануға шариғат қалай қарайды екен, мысалы алтын жалатылған сағат т.б.?

Уағалейкумусалам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) алтыннан жасалған әшекей бұйымдарды әйелдерге тағуға рұқсат беріп, ерлерге тыйым салған. Оның орнына ер адамдар күмістен жасалған сақинаны тағады. Бұл әшекей бұйымдарға қатысты. Ал ыдыс-аяқ мәселесіне келер болсақ, алтын не күмістен жасалған ыдыс-аяқты ерге де, әйелге де қолдануға рұқсат етілмеген[1]. Өйткені бұл – ысырапшылдық пен тәкәппарлықтың белгісі саналады[2]. 
Енді сіз сұрап отырған алтын жалатылған бұйымдарға келсек, бұл бұйымдар саф, яғни еш қоспасыз, таза алтын болмағандықтан, оларды ғалымдарымыз қолдануға рұқсат берген[3]. Сондықтан, алтын жалатылған сағатты тағу шариғатқа қайшы емес.

[1] Бухари, Әшриба – 28.
[2] Қардауи, Халал уаль Харам – 89 бет.
[3] Ибн Абидин, Раддуль Мухтар - 9/497 бет.; 
     Абдуль Ғани Әль-Ғаними, Лүбәб – 4/160 бет. 

Абдусамат Қасым