Қазақтың «жеті қазына» ұғымына қатысты дін не дейді?
Қазақтың «жеті қазына» ұғымына қатысты дін не дейді?
11 ай бұрын 3937 фото: abaialemi.kz/

Ассаламуғалейкум Ұстаз, жеті қазына жайында бір екі ауыз айтып жібересіз бе, шариғатқа қатысы бар ма? Нұрлыбек Ильясов  

Уағалейкумуссəлəм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жеті қазына дегеніміз, қазақтың дәстүрлі дүниетанымында қалыптасқан түсінік. "Жеті байлық" деген сөз. Ол ұғымның əлдебір наным-сенімге қатысы жоқ. Ертедегі тұрмыс-тіршілікке қатысты айтылған дүние. Шариғат негіздеріне қайшы деуге келмейді.

Жеті қазынаға не жатады:

1. Жүйрік ат (жігіттің қанаты). Пайғамбарымыз: «Төрт нәрсе дүние бақытынан» деген. Соның бірі: «Жанға жайлы мініс» екендігін айтып өтеді[1].

2. Қыран бүркіт (қуаты).

3. Құмай тазы (сенімді серігі). Бұрындары қыран бүргіт пен құмай тазыны аң аулауға қолданып, осылайша күнделікті ішім-жемін, қыстық киім-кешегін қамтамасыз етіп отырған. Шариғатта қажет кезде үйретілген азулы итті немесе тырнақты құсты салып, аң аулауға рұқсат етілген. Ол жайында Қасиетті Құранның Ма’ида сүресінде айтылады[2].

4. Берен мылтық (қаһарлы оты).  

5. Қақпан (серті).

6. Ау (әдіс, амалы).

7. Кездік (сұсы).

Бүгінде заманның өзгеруіне байланысты бұлардың біршамасы көбіне салт-дәстүр ретінде қаралғанымен, әлі де қазақтың салт-санасында ержігітте болуы тиіс қажетті құралдар ретінде құндылығын сақтауда. 

[1] Имам Ахмад. Мүснәд.
[2] Мәида сүресі, 4 аят: «Ей, Мұхаммед! Олар сенен не нәрселерді жеуге болатыны туралы сұрайды. Сен айт: «Таза нәрселердің бәрі сендерге халал етілді. Және Алланың сендерге білдіргеніне сай, азулы аңдар мен тырнақты құстардан өздерің үйреткендеріңмен аң аулау да халал. Олардың сендерге ұстап бергенін жеңдер. Тек, аңға саларда, Алланың есімін атап тұрып, қосыңдар. Құдайдан қорқыңдар. Тегінде, Алла есепке тез алады»

Абдусамат Қасым