«Жоқтау айту» дінде бар ма?
«Жоқтау айту» дінде бар ма?
3 жыл бұрын 4184 arharkz.vh03.nurhost.kz/

Ассалаумағалейкум! Біздің ауылымызда бір адам қайтыс болса, туысқан әйелдер жиналып алып, бірнеше апта бойы дауыс шығарып, жоқтау айтады.  Бұл шариғатта дұрыс па? Ержан.

Уағалейкумуссалам! Ержан, Исламнан алдын «жәһилия» дәурінде әйел кісілер бір-біріне қарама-қарсы отырып алып, зар қағып өлген адамды жоқтайтын болған. Бұны арапшада «Нияһа» деп атайды. Ислам келгеннен кейін аталмыш әрекеттен Пайғамбарымыз тыйды. Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Біреудің тегін жоққа шығарушы мен өліні зар қағып жоқтайтында күпірлік (жәһиліктің ісі) бар»,[1] – деген. Бұл әрекет Ханафи мәзхабында – мәкрүһ. Ал қалған үш мәзхабта – харам[2]. Сондықтан, апта бойы қайтыс болған кісінің артынан жоқтау айтқанның орнына ол кісінің атынан, мүмкін болса, садақа беріп, Құран оқытқан сауап болады.

[1] Муслим, Китабуль Иман, 67-хадис.
[2] Бадаиғ – 2/335 бет.; Әл-Маусуғатуль Фиқһия – 42 том, «Нияха». Кувейт.; Лисануль Араб, Харфун Нун, «Наух».

Абдусамат Қасым