Әйелдерге қатысты: Свеча салынса, ғұсыл бұзыла ма?
Әйелдерге қатысты: Свеча салынса, ғұсыл бұзыла ма?
2 ай бұрын 2426

Ассаламуалейкум! Сұрағым бар еді. Әйел адам емделу мақсатында күнделікті кешкісін, яғни жатар кезде жыныстық жүшесіне свеча салады. Ол салған дәрісі іште еріп кетеді. Енді мәселе болып тұрғаны салғаннан кейін әйелдің ғұсылы бұзыла ма, әлде үзірге жата ма? Дәріні он бес күн бойы салуы керек. Кейде бір ай бойы салу керек болады!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Свеча салғаны себепті ғұсыл бұзылмайды. Ғұсылды бұзатын белгілі жағдайлар бар. Аталмыш әрекет олардың қатарынан емес.

Ғұсыл құйынуды керек еттіретін жағдайлар төмендегідей: 

  1. Төсек қатынасынан кейін.
  2. Ихтиләм болғанда
  3. Шахуаттанып шәует (мәни) бөлінгенде
  4. Хайыз тоқтағаннан соң
  5. Нифас тоқтағаннан соң
  6. Босанғаннан кейін. (Бұл – нифас келмеген жағдайға қатысты. Босанғаннан кейін нифас қаны келмеген әйелдер ғұсылданып, намаздарын оқи береді. Рамазан айында болса, оразаларын ұстайды т.б. )[1].

[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. "Ғусл").

Абдусамат Қасым