Фотограф Леннарт Нильсон адамның дүниеге келмей тұрып эмбрион кезінде қалай дамитынын көрсететін фотоларды назарға ұсынып, әлемге танымал болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы twizz.ru сайтына сілтеме жасап.
A Child is Born атты фотокітабын 1965 жылы жария еткен фотографтың туындысы бірден әлемге танымал жылтырақ журналдарда жарық көреді. Эмбрионның даму сатыларын цитоскоп атты медициналық құралмен түсірген. Қуық қалбыршағын тексеретін бұл құралға Нильсон камера мен жарық өткізгішті бекітіп, нәрестенің іште қалай дамитынын көрсететен мыңдаған фото түсірген.