Үздік инновациялық ұсыныстар 500 мың теңгеден сыйақы алады
Үздік инновациялық ұсыныстар 500 мың теңгеден сыйақы алады
8 жыл бұрын 2175

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік инноваторлар мен өнертапқыштар арасында жыл сайын өтетін байқауға өтініштер қабылдау басталғанын жариялады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз жиынында министрліктің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті, деп хабарлайды "BNews.kz" ақпарат көзінің тілшісі. 

«Байқаудың басты мақсаты – халықты ынталандыру және инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. Өтініштер биылғы жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданады. Жалпы жүлде қоры  6 млн теңгені құрайды»,– деді Қ.Жұмабайұлы.

Биылғы жылы «Орта мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба»,  «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік өнертапқыштық ұсыныс» номинациялары қосылып отыр. Сондай-ақ процессингілік, маркетингілік,  ұйымдастырушылық, өнімдік, әлеуметтік инновация түрлері бойынша үздік жобалар анықталады.+

«Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы еліміз азаматтары қатыса алады. Жеңімпаздар 500 мың теңгеден сыйақы алады», – деді ҚР ИДМ баспасөз хатшысы.

0 пікір
Мұрағат