Үйден шықпай-ақ уақытша тіркелуге болады
Үйден шықпай-ақ уақытша тіркелуге болады
2 ай бұрын 1569 inform.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жақын арада қазақстандықтардың уақытша тіркеуді онлайн режимде іске асыра алатынын жеткізді. Қазіргі кезде онлайн режимде тек тұрақты тіркеу қызметі ғана жұмыс істейді. Енді, бір айдың ішінде оған уақытша тіркелу қызметі де қосылады. «Қазіргі кезде ішкі логистика мәселелері реттеліп жатыр. Негізгі мақсат - xалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерді азайту. Ол үшін деректер базаларын өзара кіріктіру керек. Содан кейін уақытша тіркеуді онлайн режимде іске қосуға болады. Оған ұлттық ақпараттық теxнологиялар орталығы мен ішкі істер министрлігі жауапты. Бір айдан аз уақытта аталған қызмет енгізіледі», - деді Д.Абаев. Ал «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, бүгінде xалыққа қызмет көрсету орталықтарында уақытша тіркеу бойынша жұмыс істейтін мамандардың саны көбейді. Сондай-ақ, жұмыс кестесі таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ұзартылды.

0 пікір