Теңге бағамын ұстап тұруға жұмсалған қаржыға 1 млн отбасыға үй салуға болатын еді
Теңге бағамын ұстап тұруға жұмсалған қаржыға 1 млн отбасыға үй салуға болатын еді
7 жыл бұрын 4674

Ұлттық банк 2014-2015 жылдары теңге бағамын ұстап тұруға 28 млрд доллар шығындады. Осы қыруар қаржыны Келімбетов есепсіз және жөнсіз шашты деп есептейді саясаткер Расул Жұмалы NUR.KZ тілшісіне берген қысқа сұхбатында. 

Маманның сөзінше, «бұл қаражат еліміздің бір жылдық бюджетімен пара пар. Желге ұшқан 28 миллард долларға 1 Қарағанды секілді үлкен қала тұрғызуға болады. Немесе 1 миллион отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп, баспанамен қамтуға болатын еді».

Ал, экономист Айдархан Құсайынов болса «үкімет әлі күнге дейін долларды байлап отырғанын» айтады.

«1 Долардың -250 теңгеге бағалануы еркіндікке жіберу емес. Ол түрмедегі адам секілді қапаста отырғанмен бірдей. Елдің экономикасын аяғынан тік тұрғызу үшін доллардың курсы-350 теңгенің төңірегінде болуы тиіс. Сондықтан да доллар әлі өз межесіне жеткен жоқ. Тек ол саңылаудан тыныстаған селқос адамдай қалде тұр», дейді.

Мамандардың сөзінше, доллар алдағы уақытта ақырындап өсе береді. Оның нақты бағасы 340-350 теңгенің арасында деп болжауда. Және бұл межеге ол 2016 жылдың екінші маусымында жетуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат