Қордағы жинағыңызды онлайн режимде тексере аласыз
Қордағы жинағыңызды онлайн режимде тексере аласыз
5 жыл бұрын 1737

Азаматтарға арналған үкімет» МК қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай зейнетақы қорындағы жинақтарды онлайн түрде тексерудің екі жолын көрсетті. Бұл жайында jasqazaq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Сіз ай сайын жалақыңыздың 10 пайызын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегідей, оны екі тәсілмен біліп-көруге болады — электронды үкімет порталы мен телеграм-бот арқылы», — деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында.

Оның мәлімдеуінше, Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдауыңыз қажет. Тиісті өтінішті жолдаған соң, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы міндетті екен. Ал зейнетақы қорындағы жинақтарды білудің екінші жолы — телеграм-бот. Ол үшін телефонға Telegram мессенджерін жүктеп алу қажет. Сонда Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты алуға болады. Боттағы қызметтер тізімінен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметін таңдау керек. Зейнетақы жинағын осы әдіспен білу үшін мобидьді азаматтар базасына тіркелу міндетті.

0 пікір
Мұрағат