Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1930 halaldamu.kz
«Doner Kebab cafemaina» фаст-фуд өнімдері сертификатталды 

Елорда тұрғындарына кеңінен танылған «Doner Kebab cafemaina» фаст-фуд өнімдері «QMDB halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген «Doner Kebab cafemaina» сауда белгісімен өнім өндіретін «Стандарт» кәсіпорны өкіліне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы ұжым жұмысы мен халал таңбасының маңыздылығын түсіндірді.

«Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. «Халал Даму» ұйымы еліміздегі күллі мұсылмандардың адал ас тұтынуына жауапкершілік жүгін арқалаған ұйым. Халал өнімді тұтынушыларға адал ас ұсыну ниетімен «QMDB halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін!» – деген Айбек Асқарбекұлы «Doner Kebab cafemaina» дәмханасында алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті.

Өз кезегінде «Стандарт» кәсіпорны өкілі «Халал Даму» мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: «Kuxnya» асханасы сертификатталды 

Елордадағы көпшілік ас-ауқат тұтынатын қоғамдық тамақтану орындарының бірі «Accord» кәсіпорнының «Kuxnya» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Дәмхана «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.

Аталған дәмханада халал стандарты бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргізген технолог Еркетаң Айдынқызы: «Дәмхананың тамақ өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын азық-түлік шикізаты, тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы, заңды құжаттарының дұрыстығы толықтай тексерілді. Астың адал болуы адам денсаулығына пайда берумен қатар кісінің дұға-тілегінің қабыл болуына да жол ашпақ. Сондықтан, «QMDB Halal» таңбасы халал өнімді тұтынушылардың сенімін арқалаған құжат болғандықтан, «Kuxnya» дәмханасында тексеріс жүргізіліп, дайын өнімдері мен қызметі халал стандартына толықтай сәйкестендірілді», – деп хабарлайды.

Дәмхананың мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Майлин көшесі, 37. БЦ «Ұлы Дала»

"Кәусар" дәмханасы "Халал Даму" сертификатын жаңартты 

Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылық болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят).

Осындан халал ас ұсынып, көпшілікті қуантып жүрген Тараздық "Кәусар" дәмханасы кезекті мерзімдік қайта тексеруден өтіп, "Халал" сертификатын жаңартты. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіп иесіне жаңа сертификатты табыстап, ұжымына халал ас дайындаудағы азық-түліктің ғана емес, ас даярлаушының да тазалығы қажет екенін айтып, семинар-тренинг жүргізді.

«LОVЕАSH» дәмханасы сертификатталды 

Қарағанды қаласы тұрғындары мен қонақтарының қоржыны тағы бір "QMDB halal" дәмханамен толықты. Осы жолы «LОVЕАSH» дәмханасы "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. 

Арнайы  тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, Шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

Айта кетейік, аталмыш мекеме бұған дейін «Business Caffe» деп аталған болатын. "LОVЕАSH" дәмханасы "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткендігін, дәмхананың "QMDB halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат