Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1908 halaldamu.kz
«KAUSAR YUM BAKERY» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Оскенбеков Т.М» ЖК «KAUSAR YUM BAKERY» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

«Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдархманов кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады.

«KAUSAR YUM BAKERY» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

"ET GRILL & BBQ" ЕТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Et Grill & BBQ" сауда белгісімен шығарылатын жоғары сапалы ет өнімдері "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

Жоғары сапалы, фермерлік, ГМО және пестицидсіз ет өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. Ет өнімдерін өңдеу, даярлау, тасымалдау, сақтау секілді өндіріс процессінің барлық кезеңінде Еуропалық сапа стандарты талаптарына сәйкес жабдықталған технологиялық құралдар қолданылады. 

"Халал Дамудың" технолог және инспектор-контролер мамандары жүргізген аудит нәтижесі бойынша "Et Grill & BBQ" ет өнімдері "QMDB Halal" стандартына толықтай сай деп танылды. Дәмді әрі халал ет өнімдерімен жақындарыңыз бен қонақтарыңызды қуантамын десеңіз Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал көшесі, 25/1 мекен-жайына келіңіз!

"MAGNUM" ЕТТЕРІ МЕН ШҰЖЫҚТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздегі ең ірі сауда орны – «MAGNUM CASH & CARRY» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендеріндегі ет және шұжық сататын орындары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. 

«Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан «Magnum Cash & Carry» сауда орталықтарындағы ет және шұжық сататын орындарды "QMDB HALAL" стандарты бойынша сертификаттаудан өткізуге кәсіпорын тарапынан ұсыныс түскен болатын. Сол себепті, еліміздің 10 ірі қаласында орналасқан «Magnum Cash & Carry» сауда орындары 6 ай бойы үздіксіз тексерістен өткізілді. Сарапшы-аудиторлардың кезекті және кезектен тыс тексерісі шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтыды. Сауда орны қызметкерлері мен сатушыларына «QMDB Halal» стандарты бойынша онлайн және офлайн форматта оқу-семинарлары жүрізілді. «Magnum Cash & Carry» сауда орындарында сатылатын ет және шұжықтар «Халал Даму» бақылауындағы қасапханалар мен шұжық цехтарынан жеткізіліп, «QMDB Halal» таңбасымен жеке сөрелерде сатылады. Ал, «QMDB Halal» таңбасы жоқ шұжық өнімдерінің халалдығына жауап бере алмаймыз. Басшылықтың тікелей бақылауымен жүргізілген бақылау-қадағалау барысында «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және «Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен шұжық өнімдерінің жеткізіліп-қабылдауынан бастап, сатылуына дейінгі барлық кезең «QMDB Halal» стандартына толықтай сәйкестендірілді», – деген Айбек Асқарбекұлы Қарағанды қаласынан басқа, еліміздің барлық өңіріндегі «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері «QMDB Halal» cтандартына сай сертификатталғанын хабарлайды!

0 пікір
Мұрағат