«Шымкент медресе-колледжі» алғашқы оқу жылын бастады (фото)
«Шымкент медресе-колледжі» алғашқы оқу жылын бастады (фото)
8 жыл бұрын 5358 muftyat.kz ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

«Шымкент медресе колледжі» алғашқы оқу жылын 173 студентпен бастады. 1 қыркүйек  білім күніне орай, салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада колледж директоры Т.Ш.Әсембай жас түлектерді білім күнімен құттықтап, осы оқу ордасында алған білімдері ел ертеңін дамытуға елеулі үлес қосуға сенетіндігін жеткізді.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Сырманов өз кезегінде білімгерлерді білім мерекесімен құттықтай келе білім алудың маңыздылығы мен білімге талпынудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті.

Колледждің ұлағатты ұстазы Ә.Өмір оқытушы -  порфессорларды және студенттерді мерекемен құттықтап, оқу орнының өткен өмірінен сыр шертіп, болашақ мақсаттарын баяндап өтті.

«Арнайы пәндер» - пәндік бірлестігінің төрағасы Д.Жомарт сөз алып тәртіпсіз білім болмайтындығын жеткізіп, ішкі тәртіп ережелеріне  бағынудың маңыздылығын ескертті.

Сөз соңында Т.Әсембай мырза жаңадан салынған 2 қабатты жатақхананы шәкірттерге табыстады.  Жаңадан безендірілген оқу ғимаратын  білім күніне ашылуын өткізді.

0 пікір
Мұрағат