Оралда құс фабрикасына, Павлодарда шұжық өндірісіне халал сертификаты берілді. (фото)
Оралда құс фабрикасына, Павлодарда шұжық өндірісіне халал сертификаты берілді. (фото)
4 жыл бұрын 2536 islam-oral.kz БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «Жайық ет» ЖШС құс фабрикасы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев пен «Халал Даму» ЖШС-нің облыстағы өкілі Асхат Асылбекұлы арнайы барып, сертификатты ұжым алдында табыстап, жұмыстарына береке тіледі.

Фабрика тәулігіне 1000-нан астам тауық союға қауқарлы. «Халал Даму» ЖШС тауық еттеріне арналған стандарттарды негізге ала отырып, балапан күнінен бастап сою аралығында берілетін қорегі, шариғат талаптарына сай қолмен сойылуы, қанның құс денесінен толық ағуы, нәжістен толық арылтуы, етті өңдеу кезіндегі температуралық режимді сақтау сынды т.б. талаптардың қатаң сақталуын бақылауға алып отыр.

 

Павлодар: Халал сертификатына ие болды

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов «Дюсембаев.М.Ж» ЖК шұжық өндірісі цехына халал сертификатын табыс етті.

«Дюсембаев.М.Ж» ЖК шұжық өндірісі ҚМДБ «Халал Даму» шарты бойынша мал бауыздау, ет өңдеу және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай өнім өндіретіндіктен осы сертификатқа ие болды.

«Халал серти­фикаты – барша мұсылман қауы­мы­ның сенімін арқалайтын құ­жат. Сондықтан «Халал Даму» ЖШС тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру кезінде кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал талап­тарына сай болуына, құжаттары­ның дұрыстығына, үнемі қада­ғаланып, тексеріліп отыруына аса мән беріледі. Дастарқанға қойылар астың адалдығы деннің саулығына ғана берілетін кепілдік емес, бұл қонақтарға көрсетілер құрмет» – деді Жолдас Бертымұратов.

Алла Тағаланың: «Сендерге Алла өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген сөзін берік ұстанатын бүгінгі күннің кәсіпкерлері халалдың қоғам үшін қаншалықты пайдасы барын дәлелдеуде.  Себебі жұрт жаппай халал тағамға көшкен сайын жүректе иман орнығып, санада сілкініс пайда болады.

Павлодар: Халал сертификатына ие болды

0 пікір
Мұрағат