Халал сертификатына тағы 3 кәсіпорын ие болды
Халал сертификатына тағы 3 кәсіпорын ие болды
2 жыл бұрын 1777 halaldamu.kz Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай: Рамазан айында халал сертификатын алды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Қостанай қаласында орналасқан «Zam-Zam» дәмханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификаты берілді.

Жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы дәмхана ұжымына арнайы куәлікті салтанатты түрде табыс етіп, бастаған игі істеріне табыс тіледі.

Осылайша өңірде «Халал Даму» сертификатын алушылардың саны арта түсуде. Ал мешіт жамағат дәмхана алдағы уақытта молшылық пен ырыс-берекеге кенеле берсін деп дұға жасады.

Нұр-Сұлтан қ.: «Мясная Лавка №1» ет дүкені сертификатталды 

Нұр-Сұлтан қаласы тағы да бір «QMDB Halal» стандартына сай ет дүкенімен толықты. «Мясная Лавка №1» атауымен тіркелген ет дүкенінің 19 филиалы «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Мамандар тарапынан жүргізілген бақылау шараларының оң нәтижиесінен кейін, сертификаттау жөнінде шешім қабылданды. Қасиетті жұма қарсаңында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Meat Shop №1» ЖШС өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Қасиетті Рамазан айында отбасыңыз бен қонақтарыңызға құнарлы да халал ет және ет өнімдерін ұсынуды қаласаңыз, мына мекен-жайларға келіңіз:

«Мясная Лавка №1» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 30.03.2022-29.03.2023 жж. Аталған ет дүкенінде сатылатын ет өнімдерінің «Халал Даму» тарапынан бекітілген стандарт талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

Алматы қаласы: «Max Plov Center» дәмханасы сертификатталды 

Алматы қаласындағы «Max Plov Center» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Дәмхана өнімдері «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сәйкес сертификатталды.

Технолог және инспектор-контролер мамандардың қатысуымен дәмхана аумағында аудит шаралары жүргізіліп, өнім дайындау барысында қолданылатын барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары толықтай тексерілді.

«Max Plov Center» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.03.2022-14.03.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Рамазан айында ауыз бекіткен барша жанды Алматы қаласы, М.Мәметова көшесі, 76 мекен-жайы бойынша орналасқан «Max Plov Center» дәмханасына шақырамыз!

0 пікір
Мұрағат