Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
10 ай бұрын 631 halaldamu.kz
Жамбыл Облысы: біршама кәсіпорындар жаңадан сертификаттаудан өтті, және сертификаттарын жаңартты 

 Жаңадан сертификат алған кәсіпорындар :

"Адал" ЖК Adal Chicken фаст фуд өнімдері

 "Адал" ЖК Бауырдақ дәмханасы 

"Аса Агро" ЖШС Asa Kus құс фабрикасы 

Сертификат жаңартқан дәмханалар:

 ALIF GROUP қа тиесілі 

Kish mish 

Marvarid

Ristretto  

Кәсіпкерлерге сәттілік тілеп,  Адал ас дайындауда мұқият болуылары тапсырылды 

Атырау облысы: «Du Du Chiken» фаст-фуд өнңмдері серификатын жаңартты 

QMDB «Halal Damu Atyrau»

Атырау қаласы, Абай  көшесі 26-да орналасқан ЖК «Yera.Aim», сауда белгісі «Du Du Chiken»  фаст-фуд өнімдерін өндіруші кәсіпорын директоры Абдіғаппар Аманкелдіұлына Halal Damu-дың жаңартылған сертификаты табыс етілді.

QMDB «Halal Damu Atyrau» облысының жауапты маманы Дәурен Ермаханбетұлы аталмыш «Du Du Chiken» Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021  стандартына сай екендігін растайды.

Сертификаттың  мерзімі  26.06.2024 дейін жарамды.

Астана қаласы: «AURA» ресторандары сертификатталды 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «AURA» ресторандарына «QMDB HALAL» сертификатын табыстады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына етене таныс «AURA» ресторандары Халал Даму мамандарының тексерісінен өтіп, «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021» стандартының талаптарына сай екендігі расталды. Қоғамдық тамақтандыру орны бұдан былай Халал Дамудың мамандары тарапынан үнемі бақыланатын болады.

Сертификат 25.06.2024 жылға дейін жарамды.

Мекен-жайлары: 

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 29; 

Астана қаласы, Арай көшесі, 29а.

0 пікір
Мұрағат