Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
10 ай бұрын 457 halaldamu.kz
Алматы қаласы: «Конфетики-бараночки», «SLADESSO» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Конфетики-бараночки»«SLADESSO» сауда белгісімен танымал кондитерлік өнімдерінің өндірушісі «Рябкова» ЖК сертификат табыстады.

Аталмыш кәсіпорын ЖШС  СТ 96090-1-2021  Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Кәсіпорын мекен-жайы: Алматы қаласы, Самғау ш/а, Жанарқа көшесі, 10/6.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 15.06.2024 жылға дейін.

Астана қаласы: «Korica» кафесі сертификатталды 

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы қасиетті жұма күнінде «Korica» кафесіне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Аталмыш кәсіпорын халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 56.

Сертификаттың мерзімі 21.06.2024 дейін жарамды.

Қостанай облысы: "QARASU ET" қасапханасы сертификатталды 

«Халал Дамудың» Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Әлішер Балахмет «QARASU ET» қасапханасына «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын ҚМДБ халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы,  малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.

Сертификаттың мерзімі 06.06.2024 дейін жарамды.

Өскемен қаласы: «JASTABAN» тамақтану орны сертификатталды 

«Халал Дамудың» Өскемен қаласы бойынша өкілі Үмбет Досжан «JASTABAN» кәсіпорнына жаңартылған «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

Аталмыш кәсіпорын ЖШС  СТ 96090-1-2021  Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.

Кәсіпорын мекен-жайы: Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 20/3.

Сертификаттың жарамдылық мерзімі 24.05.2024 жылға дейін.

0 пікір
Мұрағат