«Chunky» кондитерлік өнімдері, «Asıa Spıce Technology» кәсіпорны сертификатталды
«Chunky» кондитерлік өнімдері, «Asıa Spıce Technology» кәсіпорны сертификатталды
2 жыл бұрын 1182 halaldamu.kz

Алматы қаласында орналасқан «Chunky» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандарт талаптары бойынша сертификатталды. «Халал Даму» технологтарының қаласындағы іс сапары барысында,  кондитерлік цехтың өндіріс аумағында аудит шаралары жүргізіліп,  бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы,  сақталуы қадағаланды. 

«Отандық кондитерлік өнімдер өндірісін дамыту ел эконмикасында маңызды орын алады. Сондықтан да халал кондитерлік өнімдер өндірісін жетілдіру, тұтынушылар сұранысын қамтамассыз ету, сапалы әлі пайдалы, халал өнімдер түрін жетілдіру біз үшін маңызды мәселелердің бірі. Сол мақсатта «Chunky» кондитерлік өнімдері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткізілді. Шикізаттары, тағамдық қоспалары,  санитарлық тазалағы,  қызметкерлердің халал стандарты талаптарын орындауы назарға алынып,  толыққанды аудит жұмысы жүргізілді», — деп хабарлайды  технолог Айзат Сатаева.

«Asıa Spıce Technology» кәсіпорны сертификатталды

«Asıa Spıce Technology» ет және сүт өндірісіне арналған тағамдық қоспаларды өндіруші кәсіпорын «QMDB Halal» сертификатына ие болды. 

«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі өнімдердің бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар — тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. Күнделікті қолданылатын бұрыш пен тұз да осы тағамдық қоспалардың қатарына жатады»,  — деген жергілікті өкіл Маратхан Чадаев «QMDB Halal» өнімдер тізімі «Asıa Spıce Technology» кәсіпорнының тағамдық қоспаларымен толыққанын жеткізді.

«Asıa Spıce Technology» кәсіпорны:
▪️Каррагинандар;
▪️Құрғақ сүт;
▪️Консерванттар;
▪️Дәмдеуіштер;
▪️ Ақуыздар;
▪️ Сүт ақуыздары;
▪️ Соя секілді тағамдық қоспа түрлерін өндіреді.  

«Asıa Spıce Technology» кәсіпорнының тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, технолог мамандар мен жергілікті өкілдің бірлескен жұмысының қорытынды нәтижесінен кейін «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

 
0 пікір
Мұрағат