Атырау жастары мешіт құрылысына жәрдемдесті (ВИДЕО)
Атырау жастары мешіт құрылысына жәрдемдесті (ВИДЕО)
4 жыл бұрын 3416 muftyat.kz Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі

Атырау қаласындағы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Ержан Қағазғалиевтың бастамасымен іске қосылған «Аяттан амалға» жобасы аясында жастар жамағаты асар ұйымдастырды.

Жастар Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітін кеңейту жұмыстарына білек күштерімен жәрдемдесті.

 – «Қазақ жастары тізе бүгіп іс қылса – халықтық мақсат сонда ғана орындалады» деген екен кезінде Әлихан Бөкейхан бабамыз. Біздің мақсатымыз – жастарды ізгілік жолында біріктіру» дейді «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Е.Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, «Мәулімберген» мешітін кеңейту жұмыстары былтыр басталған болатын.  

0 пікір
Мұрағат