Алматы-Өскемен бағытындағы мешіт жанынан тынығу бөлмесі ашылды
Алматы-Өскемен бағытындағы мешіт жанынан тынығу бөлмесі ашылды
3 жыл бұрын 2223 muftyat.kz Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының аймақтағы өкілдіктерге міндеттеген тапсырмаларының бірі жол бойында орналасқан мешіттерге  келетін жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, тынығатын арнайы бөлме ашу  болатын.

Аталған бастаманы қолдау мақсатында Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының мұрындық болуымен Алакөл ауданына қарасты Балапанов ауылдық мешіті жанынан тынығу бөлмесі ашылды.

Мұнда сапарлатып ары-бері өтетін жолаушыларға жылы сумен дәрет алу, жылы төсек, ыстық шәй ішіп тынығу үшін барлық жағдай жасалған.

0 пікір
Мұрағат