"Алатау-құс" АҚ ҚМДБ "Халал" Сертификатына ие болды
"Алатау-құс" АҚ ҚМДБ "Халал" Сертификатына ие болды
8 жыл бұрын 5783 muftyat.kz ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімі

Алматы облысының Іле ауданы Чапаев ауылында орналасқан «Алатау-құс» АҚ бір айдан астам уақыт ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімінің тексеруінен өтіп, "Халал" Сертификатын алды.

Бүгінде бұл компанияда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Нарыққа күнделікті 25-30 мың тауықты сойып, тазалап, дайындайды. 2016 жылы бір күнде өндірілетін құс етінің саны 54 306 келіге жеткен.

АҚ 2010 жылы желтоқсан айында «Алатау-құс» болып құрылған.

ҚМДБ "Өнімдерді халал стандарттау" бөлімінің Сертификатын Алматы облысы өкіл имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы арнайы тапсырды.

0 пікір
Мұрағат