ҚазҰУ-де елбасы мақаласы талқыланды
ҚазҰУ-де елбасы мақаласы талқыланды
7 жыл бұрын 4836

Сәуір айының 13 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында «Қазақ елінің рухани жаңғыруының жаңа бағдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы жүргізген дөңгелек үстелге тарих ғылымдарының докторы, профессор Карибаев Б., философия ғыламдарының докторы, профессор Нұрышева Г., филология ғылымдарының кандидаты,  доцент Медеубек С., философия ғылымдарының докторы, профессор Алтаев Ж., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бұлдыбай А., филология ғылымдарының докторы, профессор Салқынбай А., Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қартаева Т., филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күркебаев К. Секілді бірқатар ғалымдар қатысты. Қатысушылар жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған елбасымыз Н. Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұнды мақаласын талқылап, өзіндік оң пікірлерін білдірді. Мақала «XXI ғасырдағы ұлттық сана», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі үлкен тараудан тұрады. Онда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы, Сананың ашықтығы туралы сөз етілген. Мақаланың қорытындысында:

«...Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» делінген.

Бағашаров Қ.
Мұқан Н.
Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

0 пікір
Мұрағат