Қазақстанның әуекомпаниялары биыл 800 рет жүк жоғалтты
Қазақстанның әуекомпаниялары биыл 800 рет жүк жоғалтты
8 жыл бұрын 2736 BNews.kz

Биыл әуекомпаниялар 800 рет жүк жоғалтып, оның 24-і сол күйі табылмаған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының алқа отырысында ведомствоның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Алмас Аманов мәлім етті. 

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында отандық әуекөлік саласында кездесетін көптеген кемшілік жария етілді. Сарапшылардың айтуынша, бұл проблемалар бүгінде жұртшылық наразылығын тудырып отыр, ал ертең ЭКСПО-да еліміздің беделіне кері әсер етуі мүмкін.

«Жүгін жоғалтқан немесе зақымдаған жолаушылар көп шағымданады. Биылдың өзінде әуекомпаниялар 800 рет жүк жоғалтып, оның 24-ін сол күйі таба алмаған», - дейді Алмас Аманов.

Әуе рейстері де бірнеше рет кешіккен. 2015-2016 жылдарда 9000-нан аса ұшақ уақтылы ұшпаған. Көлік прокуратурасы өкілінің айтуынша, мұның негізгі себептерінің бірі – сақтық қорында артық әуе көлігін ұстаудың нақты тәртібі жоқ. Заң резервте борт болуы керек деп талап етеді, бірақ, әуекомпаниялары өз флотын толық ұшырады – резервке алып қалмайды.

0 пікір
Мұрағат