Қазақстанға шетелден келушілер үшін жаңа ережелер қабылданды
Қазақстанға шетелден келушілер үшін жаңа ережелер қабылданды
4 жыл бұрын 2324

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына орай шетелден келген азаматтар бірнеше санатқа бөлінді. Қазіргі таңда Қазақстанның алты мемлекетпен әуе қатынасына рұқсат берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан және Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапония арасындағы әуе рейстері ашылғаны жайлы айтылған еді.  

Жаңа қаулыға сәйкес, аталған елдерден келген азаматтар үш санатқа топтастырылған. 

Бірінші санатқа ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд елдері жатқызылыпты. Бұл елдерден келгендерге сауалнама және хабарлама беру сынды шектеу шаралары қолданылады. 

Екінші санатта Түркия орналастырылыпты. Ережеге сәйкес елімізге келген жолаушылар термометрия, сауалнамадан бөлек тағы екі міндетті шектеу шарасы қарастырылған. 

Біріншісі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексеру туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) болған жағдайда –шектеусіз;

Екіншісі: анықтама болмаған жағдайда ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде өту міндеттілігі туралы хабарлама беріле отырып, келген жері бойынша (шетел азаматтары үшін), тұратын жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру.

Үшінші санатқа  екінші және үшінші санаттағы елдерден басқа барлық мемлекеттер кіреді. Бұл жаққа халықаралық авиарейстерге тыйым салынған.

Қазақстан Республикасына шет елден қайта басталған халықаралық тұрақты авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарына бұл ережелер міндетті емес.

ШЕТЕЛДЕН ӘУЕ РЕЙСІМЕН КЕЛГЕНДЕРГЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАНДАЙ?

Қазақстанға шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл жайында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың бүгін жарияланған қаулысында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі: Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.

«СОVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, СОVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады», - делінген құжатта.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар CОVID-19-ға тексеру туралы анықтама берген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

Еске салсақ, Қаулы өзгерістеріне сәйкес Түркиядан келген жолаушылар 48 сағат ішінде ПТР тест тапсыруға міндетті.

0 пікір
Мұрағат