Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?
4 жыл бұрын 2501 Нұрбек Бақыт

Биыл қазақстандықтар тамыз айында 20 жұмыс күн жұмыс істеп, 11 күн  демалады. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Күнтізбедегі сенбі мен жексенбіден бөлек, қазақстандықтар 31 тамызда да демалады. Бұл күн күнтізбеде қызыл түспен боялып тұр. Себебі, Қазақстан Конституциясы күні жексенбі, 30 тамыздан дүйсенбіге ауыстырылады.

Ескерте кетейік, Ата заң қабылданған күнге қатысты демалысты карантин жағдайына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатқан мекемелер ішкі тәртіпке сай қосымша нақтылайды

0 пікір
Мұрағат