Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді
Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді
7 жыл бұрын 3373

Қазақстандықтар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама алу жеңілдетілді. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеудің жаңа механизмі енгізіледі.

«Біз Әділет министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен келісе отырып, мекен-жай бойынша тіркелуді жеңілдеттік. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізілді», – дейді ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңа ережеге сәйкес, азаматтардан тұрғын үйге арналған нормативтік құжаттары немесе жылжымайтын мүліктің тіркелгеніне қатысты анықтама талап етілмейді. Жүйе бойынша мекен-жайға қатысты ақпарат тіркелген мекен-жай кодына сәйкес енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат