Қазақстанда Қытайлық диаспора құрылды
Қазақстанда Қытайлық диаспора құрылды
7 жыл бұрын 7574 qamshy.kz Пазылбек Абсаттарұлы

Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, бұл елдiң жалпы табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетiп, одан кейiн өз мүмкiндiгiн сарқа беретiн көрiнедi. Дегенмен, осындай бiр тықырдың таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, орман сиреп, жайылымдар азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Қазiр Қытай елi – қақпағы жабық өз iшiне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәрiздес. Түбiнде ол бәрiбiр тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстанмен бiрге әлемдi де мазасыздандырып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшiн өте үлкен қауiптiң басын ашып айтқан жөн. Қытайдың территориясымен шектесiп жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз орналасуы нәтижесiнде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейдi есептемегенде, қытайлар үшiн тек Қазақстанға (Орталық Азия) қарай ғана ағылуларына мүмкiндiк қалады. Қытайдың бiзге байланысты саясатының нәтижесiн бiр Алматы қаласы арқылы түсiндiре кетейiн. Бiр Алматы қаласында қазiргi күнi жүзге тарта қытай кафесi мен мейрамханалары, 270 бiрлескен кәсiпорын, 2 банк, 48 жанармай құю бекетi, бiр Мәдениет орталығы, Қазақ Ұлттық университетi жанындағы Қытай тiлi орталығы, Конфуций институты, Ялянь сауда орталығы, Си Синхай, Бианху көшелерi, Барахолка және Сауран сауда орталықтарындағы сауда нүктелерi, Қазақстанның паспортын алған 5000-нан аса азаматты да қосыңыз. Бұл Қытай ақпаратынан алынған нақты мәлiметтер. Ал бiздiң құқық қорғау органдарымыз мұндай мәлiметтердi құпия ұстайды. Себеп қарапайым, ай сайын әрбiр Қытай азаматы өзiнiң амандығы үшiн полиция бөлiмшесiне 10 мың теңге, аудандық бөлiм бастығына 25 мың теңгеден берiп отырады. Мұны бар Қытай азаматтары растап отыр. Ресейлiк зерттеушiлердiң айғақтарына қарағанда, қытайлықтарды шетелге шығарып отырумен жүйелi айналысатын биресми жасырын ұйымдар бар екен. Әр елге шығарудың өзiндiк мөлшерi бар. Еуропа елдерiне 8-10 мың доллар, Ресейге 2,5-3 мың доллар көлемiнде әр адамға шығын жұмсайтын көрiнедi. Қазақстан ең арзандарының қатарына кiредi. Мекен жайға тiркелу үшiн 100-200 доллар жеткiлiктi. Әлемдiк тәжiрибе дәлелдеп отырғанындай мигранттар тарихта ешқашан мемлекетке пайда әкелмеген, әкелмейдi де. Ендi осының бәрi аздай қытай және орыс тiлдерiнде «Хасакэсытань хуацяо бао» деген газетiн шығара бастады. Газет Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған деп жазылған. Сонда бiз қытай диаспорасының пайда болғанын да бiлмей қалғанымыз ба? Бұл жақын уақытта, мүмкiн 5-6 жылда Қытай үкiметi Қазақстандағы қытай тiлдiлердiң құқығын қорғайды деген сөз. Жалпы Қазақстан бойынша Қытайдың 20 iрi компаниясы және орта-ұсағы бар 2000-нан аса бiрлескен компаниялар жұмыс iстеуде. Олардың басым бөлiгi әрине энергетика саласында. Атап айтқанда Қытайдың иелiгiне өтiп кеткен компаниялар: Ақтөбемұнайгаз – 85,32 пайыз үлес Маңғыстаумұнайгаз – 47 ПетроҚазақстан – 67 Қазгермұнай – 50 Қаражанбасмұнай – 50 Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 58 Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 50 Айдан мұнай – 100 т.б. Ендi тайфунның тасқынындай нөпiр халықты қаншама қорған салсақ та немесе Арқаның қақаған суығы мен бораны да тоқтата алмасы хақ. Кез келген табиғатқа бейiмделгiш, өзгенiң ассимиляциясына түспейтiн, жыбырлағанның бәрiн азық ететiн жанысiрi қытай халқын батыстық философтардың айтып жүргенiндей «ұлтты бiр лидер де құтқара алады» дегенiндей бiр мықты көшбасшының немесе қарудың күшi ғана тоқтатуы мүмкiн. Қытайға Қазақстанның жерi керек жоқ деген пiкiрдегiлер қателеседi. Өз жерiне сыймай отырған елге қалай жер керегi жоқ. Яғни оларға шикiзат керек, тұратын жер керек. Сондықтан да олар Қазақстаннан жалға болса да жер алуға мүдделi. Қытайдың «Рен минь рь бау» газетiнiң ағылшын тiлiндегi сайтында және Францияның «Le Monde» газетiнде «Қазақстаннан жетi мың гектар жер он жылға алынды, үш мың қытай диқаны осы көктемде барады» деген мәлiметтi таратты. Бұл Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан «Сино-Қазақстан» компаниясы. Директоры – Ху Фең деген қытайлық. Одан қалды естерiңiзде болса С.Терещенко 1 млн. гектар жердi сатып алып едi ғой. Ендi сол жерлерiн шетiнен қытайлық фермерлерге жалға берiп жатқан көрiнедi. Осылардың бәрi ақылға қонбайды. Себебi ешқандай ел Қазақстанға мал, егiн шаруашылығын үйретпей-ақ қойсын. Себебi Қазақстан бұрыннан аграрлы ел. Тәжiрибемiз мол, жеткiлiктi. Тек жұмысымызды жүйеге қойсақ болды. 

0 пікір
Мұрағат